«Ұстаз аты мәңгілік,жадымда тұрар жаңғырып» атты апталықтың өткізілуі жөнінде
Мектеп директорының №163 бұйрығына сәйкес апталықтың іс-шара жоспары жасалып,ұжымға таныстырылды.Ұстаз-болашақ азаматтарды ғана емес,бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Осы орайда 5-6-7-8сыныптарда «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай,тәрбие сағаттарында жас ұрпақтың санасына мұғалімдер сыналай енгізетін тәлім-тәрбие,үлгі-өнеге өлшеусіз екендігі жайлы айтылып, ұстаз есімі ұлықталды.
5-11-сыныптар бойынша қабырға газеттері шығарылды.
«Ұстазыңды құттықта»тақырыбында мектеп оқушылары мен түлектерінің құттықтау челленджі ұйымдастырылып,ФБ әлеуметтік желісіне жарияланды.Мектептегі «Өзін-өзі басқару»ұйымының ұйымдастыруымен «Ұстаз аты мәңгілік,жадымда тұраржаңғырып»тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылып өткізілді.