қамқоршылық кеңес хаттама » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2018

қамқоршылық кеңес хаттама

«М Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қамқорлық» кеңесінің отырысы болып өтті

Хаттама
Мерзімі – 10.02.2018ж
Қатысуға тиіс – 9
Қатысқаны -9
Күн тәртібінде:
1. 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акцисының өтілуі жайлы
Тыңдалды:
Кеңес төрайымы Б Мұханова хабарлама жасады.
«Жібек шатырдың жібі көрікті, өнегелі болса – бала көрікті»,-деген екен Қорқыт атамыз. Ал сол өнегелі баланы тәрбиелеуде жанұя мен мектеп бірігіп ортақ міндет атқаруы қажет. Бар жақсылық –балаларға!-дегендей, еліміздің ертеңіне тірек болар бүгінгі ұрпақ ертең өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатындай білім, тәрбие алуы қажет.
«М Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2017-2018 оқу жылында қорғаншылық қамқоршылық жұмысын атқару мақсатында мектептің бұйрығы шығып, педагогикалық кеңестің қаулысы бойынша «Қорғаншылық кеңесі» құрылып, бекітілді. Қорғаншылық қамқоршылық жұмысының бір жылдық жұмыс жоспары жасалынды. Сол жоспар бойынша жартылай жетім, аз қамтылған балалардың тізімі алынып, құжаттары реттелді. Мектепте 15 жартылай жетім, 10 аз қамтылған балалар бар. Міндетті білім беру қорынан бөлінген қаражатпен 1-11 сынып оқушылары арасында ыстық тамақпен 35 бала қамтылған. Мектептен осы балалар бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтанады. Жыл бойы ата-аналармен тығыз байланыста болып, мектеп психологымен бірлесе отырып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекші, кітапханашы Н Телғожаева аз қамтылған, жартылай жетім, көп балалы оқушыларды кітаппен толық қамтыды. Осы жанұя балалары үйірме, факультативке тартылды. Санитарлық тексеруден өткізіліп, денсаулықтарына көңіл бөлінді. 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында республика бойынша қайырымдылық акциясы жүргізілді. Акцияға байланысты іс-шара жасалынып, төмендегідей жұмыстар іске асырылды. Адам өміріндегі игі істердің бірі адамдарға қамқорлық жасау. Сондықтан да барлық азаматтардың назарын аудара отырып, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.
Айлық басталғалы 5 ақпан күні мектеп ұжымы болып акция өткізілді. Онда барлығы 20000 теңге ақша қаражаты жиналды. Осы қаражатқа 13 аз қамтылған отбасы балаларына оқу құралдары алынып берілді. Бұл аты аталған отбасылары аз қамтылған болғандықтан комиссия мүшелерінің үй жағдайларымен барып танысуының нәтижесінде берілді. Жалпы мектепте бір рет акция өткізілді.
Жарыссөз:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған комиссия мүшелері мектебімізде өткен акцияға ертеңгі болашағымыздың баянды болуы, біздің бүгінгі жас ұрпаққа қалай қарайтынымызға тікелей байланысты екендігін түсінген ұстаздар және ауыл жастары Сұраншиев,Әбдіқасымовтар қатысып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мектебімізде 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама жалғасын тапты. Жиын соңында мектептің ұстаздары қонақтарға рахметін айтып, шынайы ризашылықтарын білдірді.
Сол сияқты аулымыздағы жеті мөлтек ауданының үгітшілері аз қамтылған отбасыларына барып тұрады
Шешім:
Б Мұханованың 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акцисының өтілуі жайлы есебі ескерілсін.
2 . Мектепке демеушілік тарту,әлеуметтік топтағы оқушыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру кеңес мүшелеріне жүктелсін.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив