І жарты жылдыққа анықтама » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » І жарты жылдыққа анықтама
05
май
2017

І жарты жылдыққа анықтама

«М.Мақатаев атындағы мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі
2016-2017 оқу жылының І жарты жылдықта
атқарылған жұмыстар жайлы.

Анықтама
Оқу-әдістеме саласы бойынша. М.Мақатаев атындағы орта мектептегі әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес І жарты жылдықта толық іске асты. Бірінші тоқсанда екі рет әдістемелік кеңес өтті. Бірінші әдістемелік кеңесте мектеп мұғалімдерін пән бірлестіктеріне қарай бөліп,бірлестік жетекшілерін тағайындау және жылдық жоспарды бекіту мәселесі қаралды. Өткен оқу жылындағы ғылыми-әдістемелік жұмыстың қорытындысы талданды және «2016-2017 оқу жылында ғылым негіздерін оқыту жайлы нұсқау әдістемелік хатпен» таныстырылды.Биылғы оқу жылында әдістемелік кеңестің проблемасы «Оқыту технологиялары негізінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру» болды.
Мектепте бес түрлі бірлестік құрылды оған қоса «Шамшырақ» атты жас мұғалімдер жұмысы, «Болашақ» атты шығармашылық топ жұмыс істейді.Пән бірлестіктерінің,топтардың жылдық жоспарлары бекітілді.
Екінші әдістемелік кеңесте мектептегі іс-құжаттардың толтырылуы жайлы түсінік жұмыстары жүргізілді. «Сындарлы оқыту сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында Е.Рахымовтың баяндамасы және «Тәрбиесіз берілген білім –білім болмайды» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып,талқыланды.

Қараша айында өткен үшінші әдістемелік кеңесте М.Жүнісбаеваның «Мектепалды кезеңіндегі балалардың таным үрдісінің дамуы» тақырыбында баяндама есебі тыңдалды.
Б.Мұқанованың «Жаңа білім беру аясындағы критериалды бағалау» тақырыбында курстан алған білімі бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді, яғни, бірінші сынып және бастауыш сынып мұғалімдерімен бірігіп қауымдастық құру,олардың іс-тәжірибесімен бөлісу және жас мұғалімдерді жетелеу қарастырылды.
ҰБТ-ға дайындықтың барысы туралы Э.Тұрсынбайдың хабарламалары тыңдалып, жаңалықтарды іс-тәжірибеге енгізу ұсынылды.
Бірлестік жетекшілерінің отырысында алынған проблемалардың орындалу барысы тыңдалып, бірлестіктің іс-құжаттарын жүргізудегі және онкүндік қорытындысы туралы «Зерде» бірлестігінің жетекшісі Ф.Апендиеваның есебі тыңдалды, кемшіліктері түзетілді. Онкүндіктің тақырыбы: Оқулық-сабақтың шығармашылық идеясын ашып көрсету құралы.
Мақсаты: Оқушылардың өзіндік орындайтын жұмыстарының ұйымдастырылуын, орындалатын жұмыстың берілген түріндегі нақты білімге, оны орындаудың нәтижелерін бақылау
Онкүндікке байланысты дәліздерге онкүндіктің тақырыбы мен нақыл сөздер жазылып, ілінді.
27 қазан күні лездемеде тақырыпқа байланысты баяндама оқылып, оқушыларға онкүндіктің тақырыбы мен мақсаты түсіндірілді. Онкүндіктің іс-шарасы жасалынып ілінді.
18.10.16 ж. 6- сыныпта математика пәні бойынша «Санның модулі» тақырыбында Апендиева Ф. ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақта топқа бөлініп үй тапсырмасы мен жаңа сабаққа байланысты тақтаға, дәптерге есептер шығарып, тақырыпты түсінгендерін көрсетіп, белсене қатысты. Сабақ «жақсы» деп бағаланды. Оқушыларға қойылған бағаның жоғары екендігі ескеріліп, бағалаудың критерийларын нақты анықтау ұсынылды.
18.10.16 ж. 8-сыныпта химия пәнінен «Химиялық реакцияларының теңдеулері. Зат массасының сақталу заңы» тақырыбынан Сұлтанбекова Қ. ашық сабақ өткізді. Оқушылар топқа бөлініп үй тапсырмасын кесте арқылы элементтердің таңбаларының жазылуын көрсетті. Жаңа тақырып бойынша элементке реакция теңдеуін құруға карточка таратты.
Сабақ «қанағаттанарлық» деп бағаланғандықтан мұғалімге өз білімін көтеруге , мұғалімдермен тәжірибе алмасуға кеңес берілді.
20.10.16 ж. 5-сыныпта информатика пәнінен «Комьютердің қосымша құрылғылары» тақырыбынан Рахымов Е. ашық сабақ өтті. І топ-дискета, ІІ топ-флешка, ІІІ топ- диск-деп үш топқа бөлді. Оқушыларға компьютердің қосымша құрылғыларының суреттерін тарату арқылы оқушылардың танымдылығын, есте сақтау қабілетін дамыта отырып жаңа тақырыпты түсіндірді. Сабақты қорыту мақсатында оқушыларға құрылғылардың суреттерін таратып, дәптерге жабыстырып, қасына аттарын жазуды тапсырды. Сабақ «жақсы» деп бағаланды. Мұғалім сабақ барысында уақытты тиімді пайдалана алмағандықтан, уақытты тиімді пайдалануға дағдылану ұсынылды.
22.10.16 ж. 7-сыныпта «Еуразияның географиялық орны» тақырыбында география пәнінен Бейсеев А. ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім оқулықпен шектелмей, «сандар сөйлейді»,«Ең-ең» ойыны, географиялық диктант, «иә немесе жоқ» сұрақ -жауап арқылы оқушыларды жаңа тақырыпқа деген қызығушылығын оята білді . Көрнекі құралдардан карта, глобус, салыстыру картасы пайдаланылды. Сабақ «жақсы» деп бағаланды. Мұғалімге оқушыларды ыңғайлы отырғызу, топқа бөлгендіктен сабақты сайыс түрінде өткізу ұсынылды.
25.10.16 ж. 10ә- сыныбында биология пәнінен Өткелбаева Б. «Пияз эпидермесі. Жасушалардағы плазмолиз және деплазмолиз құбылыстарын бақылау» тақырыбында сарамандық жұмыс өткізді. Оқушылар микроскоп арқылы пияз қабықшасының жасушаларының плазмолиз және деплазмолиз жүру құбылыстарын байқады. Оқушылар техникалық қауіпсіздігін сақтай отырып мұғалімнің тапсырмасын орындау арқылы, оқулықтағы кестені ауызша орындады. Сабақ «жақсы» деп бағаланды.
25.10.16 ж. 7-сыныпта информатика пәнінен «Программалау тілі. Программалау тілінің әліпбиі» тақырыбында Апендиева Ф. ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, А4 форматына жазылған программалау тілінің алфавиттер мен паскаль тілінде мәтіндермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын «ыстық пернелермен» танысты. Паскаль тілін ұсынушы Вирт Нуклаус пен Паскаль құрылғысын ойлап тапқан Блез Паскаль ғалымдардың суретін оқушыларға көрсету арқылы, көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, жаңа тақырып түсіндірілді. Сабақты қорыту мақсатында оқулықтағы тестіні шешкізіп жиынтық баға қойылды. Сабақ «жақсы» деп бағаланды. Мұғалімге бағалау кезінде жиынтық бағаның дұрыс, әрі әділетті қойылуы ескертілді
25.10.16 ж. 8-сыныпта физика пәнінен Саяқова Б. «Жылу құбылыстары тарауын қайталау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар 2 топқа бөлініп бір-біріне қайталау мақсатында сұрақ қойды. Жылу құбылыстарына байланысты фолмулаларды түрлендіру жолдарын қайталап еске түсіріп, есеп шығарды. Есеп шығару барысында «кір жаю» әдіс-тәсілдері арқылы шағарған есептерін жіпке іліп отырды. Сабақ «жақсы» деп бағаланды. Деңгейлік курсқа бармаса да топқа бөліп, «кір жаю» әдіс- тәсілін қолдануы өте тиімді болды
28.10.16 ж. 8-сыныпта Өмірбаева А. «Ми діңінің құрылысы. Мишық.» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта мидың макетін көрсету арқылы оқушыларға жаңа тақырып түсіндірілді. Жаңа сабақты «біз» сергіту сәтімен бастады. Ол жерде өздерінің жақсы қасиеттерін табиғатпен байланыстырып бір көңілдерін көтерді. Сабақ барысында постерге салынған мидың суретіне ми бөлімдерін сызып, жазып көрсетіп берді. Сабақ кері байланыспен аяқталды. Сабақ «өте жақсы» деп бағаланғанымен, мұғалімге сабақ уақытында «мұғалім эстетикасын» сақтау ұсынылды
Онкүндікте өткізілген сыныптан тыс шаралар:
25.10.16 ж. «Табиғат-тіршілік тынысы» атты 5-6 сынып арасында Сұлтанбекова Қ. Сайыс сабақ өткізді.
Сайыс 8 бөлімнен тұрды. І-жұмбақ шешу, ІІ-Білектесу, ІІІ-Тақпақ айту, IV-мақал -мәтел жалғасы, V-Музыкалық үзіліс, VI-Мен саған, сен маған, VII-Сөздер құрастыру, VIII-сұрақ қою. Осы бөлімдерден сүрінбей өтіп көп балл жинаған 5- сынып оқушылары мақтау қағазымен марапатталды.
26.10.16 ж. 8-11 сыныптар арасында Жұман С. мен Апендиева Ф. -ның өткізуімен «Талантты топтар» атты марафон өтті. Оқушылар шаттық шеңбер арқылы 4 топқа бөлінді. Топқа бөлінбестен бұрын қойылған құрал жабдықтарға қарап берілетін тапсырманы өздері топшылады. Топқа берілген тапсырма І бөлімде «Болашақ менің мектебім» тақырыбына әр топ постерге өздерінің қиялында жүрген мектептің сұлбасын салып, тақтаға іліп, әр топтың лидерлері шығып қорғады. ІІ бөлімде «Ғажайып фигура» тақырыбында әр топ өздерінің ұнатқан ғажайып фигураның макетін жасап, қорғады. Әр топ бір- бірінің істеген жұмыстарына деген ойларын, ұсыныстарын айтып жатты. Бұл жердегі мақсат оқушылардың өз ойларын, өз қиялдарын еркін сөзбен де іс пен де жеткізе білу.
27.10.16 ж. 7-8 сыныптар арасында Өмірбаева А. «Жас биолог» атты сайыс сабақ өткізді. Сабақта оқушылар 10,20, 30, 40 ұпай бойынша сұрақтар таңдап, сол сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинады. Әр айналым сайын ұпай саны аз екі оқушыдан ойыннан шығып отырды. Сайыста бас жүлде алған Сәулетжан Абзал мақтау қағазымен марапатталса, І,ІІ,ІІІ орын алған оқушылар да мақтау қағазымен марапатталып, қатысқан оқушыларға да сыйлықтар таратылды.
Онкүндікке байланысты өткізілген сыныптан тыс шаралар «жақсы» деп бағаланып, оқушылардың толықтай қатысып, оқушыларды білімдеріне сай мадақтау, ынталандыру сыйлықтарын тапсыру ескертілді.
27.10.16 ж. Онкүндікке байланысты «Ғажайып ғылымдар патшалығы» атты қорытынды кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында «Жаратылыстану-математика пәндерінен» әр пән сұрақ-жауап, тапсырмадан тұрды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындай білді. Сайыс барысында өзінің білімділігімен 10ә- сынып оқушысы Әнуар Айшуақ көзге түсті. Кешке қатысқан оқушылар, онкүндікте белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қараша айында бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдығын тексеру жұмысы жүргізілді, 2-сыныпта сапа 65,үлгерім 76,жазба жұмысында сапа 50,үлгерім 73 пайыз,3-сыныпта оқу жылдамдығында сапа 50,үлгерім 73,жазба жұмысында сапа 65,үлгерім 76 пайыз,4-сыныпта оқу жылдамдығының сапасы 61.үлгерімі 95 пайызды көрсетті.
ҰБТ-ға оқушыларды дайындау мақсатында ата-аналар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу үшін семинарлар мен жиналыстар өткізілді. Мектеп бойынша апталық сынамалар 16 рет ,аудандық 2 рет,он лайн тест бір рет алынып, әр пән бойынша мониторинг шығарылып,пед.кеңестерде,мет.кеңесте,дирекция отырыстарында жүйелі қаралып отырылды. ҰБТ-ға даярлықтың арнайы кестесі, қосымша пән мұғалімдері бөлініп , мақсатты жұмыстар ұйымдастырылды. Қазіргі күні 11-сыныпты бітіретін 16 оқушы толық ҰБТ даярлығына қатысуда.Апталық көрсеткіш 72 балл.
Аудандық ғылыми жобаларға мектептен оқушылар қатыстырылып,4 сынып оқушысы Савлетджан Мағжан «Өлкетану» саласы бойынша өз шығармашылығын қорғап 2 орын алып келді,психологиядан 5-сынып оқушысы Болатбай Балнұр 2-орын,10ә- сынып оқушысы Әнуар Айшуақ та 2-орын иеленіп келді.
Мектепішілік пәндік олимпиадаға қатысқан 30 оқушыдан 17 оқушының жұмысы ауданға жіберілген,олардан жеті оқушы аудандық олимпиадаға қатысты.Нәтижесінде 10ә- сынып оқушысы Кемелбайқызы Бағжан қазақ тілі пәнінен ауданнан 1-орын,облыстан 2-орын алып келді. Ауданнан 8-сынып оқушысы Дүйсембай Айбар 1-орын алса, 10-сынып оқушысы Әнуар Айшуақ биология пәнінен 2-орын алып келді.
Жаңарту бағдарламалары аясында курстан өткен Э.Тұрсынбай мен Б.Мұқанованың есептерін тыңдап,үйрену мақсатында апта сайын семинар жоспарлы түрде қойылды.
Мектептегі тәрбие жұмысына әртүрлі қоғамдық ұйымдар құрылып, ат салысады. «Жастар» ұйымы, ұлдар ұйымы, қыздар ұйымы, «Құқықтық кеңес», «Салауаттылық кеңес», «Оқушылардың өзін-өзі басқару кеңесі», «Қамқорлық- қорғаншылық кеңестері » жоспарлы түрде жұмыс істеп келеді. Айлықтарға байланысты жеке іс- шаралар ұйымдастырылып отырды.
Биылғы жылдың I- ші жарты жылдығында тәрбие бағыттары бойынша төмендегідей жұмыстар іске асырылды:
1. Ұйымдастыру шаралары және талдау диагностикалау қызметі бойынша. ҚР Кешенді бағдарламасының бағыттары жайлы сынып жетекші бірлестігінің отырысы өткізіліп, сынып жетекшілерге таныстырылды. Сонымен қатар, құқықтық кеңес мүшелерінің отырысы өткізіліп, жыл бойы атқаратын жұмыстарымен таныстырылды. Мектеп бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы жиналыстары да болып, онда әр айдың 20 күні бір сыныптан қыздар арасында әр түрлі деңгейде шаралар өтетіні жайлы айтылып, осы уақытқа дейін жоспарлы екі жиын өтіп, сыныптар арасында үш шара өтті.
4 қыркүйек күні «Мектеп формасы» тақырыбында түсіндірме сағаты болды. Оған барлық сынып жетекшілер толық қатысты. 25қазан күні «Алтын күз» мерекелік кеш 8-11 сыныптар арасында өтті. «Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді» тақырыбында қыздар арасында жиналыс өтті.9ә сыныпта «Әдептілік-адам көркі», 10ә сыныпта «Бозбала бойындағы қатыгездіктің алдын-алу» деген тақырыптарды тәрбие сағаттары өтті.
2. Қазақстандық патриотизм және азаматтық .Этникалық мәдениет.бағыты бойынша
Конституция күнінің іс-шарасы жасалып сол бойынша тәрбие сағаттары, сұхбат сабақ және пікірталас өтті.
«Мемлекеттік рәміздер-ел болашағы» атты онкүндік өтті. Онда 6 сыныпта «Мемлекеттік рәміздер-ел болудың белгісі», 5 сыныпта «Рәміздерім -мақтанышым» атты тәрбие сағаттары өтсе, барлық сыныптардан «Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбында сауалнама алынып, рейтінгісі шығарылды.
«Алғашқы қоңырау» салтанатын «Жастар» ұйымының басқаруымен / Тайрова Гүлзира / жоғарғы деңгейде өткізілді. Шараға байланысты ұйымдастыру жұмыстары толығымен іске асырылды. Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 қыркүйек мерекесін және Бірыңғай Білім сабағын өткізу тұжырымдамасы бойынша «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде «Мен өз Отанымның патриотымын» деген тақырыпта барлық сыныптарда білім беру сабағы өткізілді. Алғашқы қоңырауға келген ата-аналар барлық сыныптардың сабақтарына қатысты.
17-22 қыркүйек аралығында «Үш тілдік-жаһанданудың кепілі» атты онкүндігі өткізіліп, оған «Қазақ тілі » қоғамы басшылық жасап арнайы шара бойынша жұмыстар атқарылды. Лездемеде «Ұлттың ұлы бола аламыз ба?» атты баяндама оқылып, осы онкүндік лездемелерде
«Туған тілім-тірлігімнің айғағы» тақырыбында мәнерлеп оқудан 5-6 сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Озып шыққан сыныптар марапатталды. 7 сыныпта «Тіл тәуелсіздік тұғыры» тәрбие сағаты өтті. Барлық жоғарғы сыныптар арасында газеттер шығарылып , бағаланды. Оқушылар шығармашылығы жөнінде мүшайра өткізілді. «Жасай бер,қазақ тілі-ана тілім» атты қорытынды кеш өтіп, апталыққа өз үлестерін қосқан сыныптар марапатталды.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында 5-11 сыныптар арасында сауалнама алынды.Әлеуметтік жағдайларын анықтау мақсатында зерттеу жүргізілді.
07-16 қараша аралығында «Құқықтық білім беру» онкүндігі өткізіліп, құқықтық кеңес тарапынан әр түрлі шаралар ұйымдастырды. Оқушылар арасында құқық мәдениет тақырыбында екі рет лекция өткізіліді. Мектебімізде әр айдың 25 күні кезекпен бөлінген сынып қыздары, қыздар жиынын әр түрлі үлгіде өткізіп келеді. Ай сайын қыздар жиналып, ой бөліседі, өздерінде болған кемшіліктерін ашық түрде айтып, түзетуге тырысады.Оқушылардың құқықтық сауаттылығы және жасырын сауалнамалар алынды. Құқық пәнінің мұғалімі Г Тайрова 9-11 сыныптар арасында «Құқық және міндет» атты дөңгелек үстел өткізді. 8 сыныпта «Заң және біз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.«Полицияның жас достары», «Жас жол инспекторы» , «Жас өрт сөндірушілер отряды» құрылып жетекшілер тағайындалды. Жоспарлар бекітілді. Кезекшілік кестесі жасалды. «Сенім телефонымен » рейд журналдары толтырылып , сабақ операциясы, бос уақыт, түнгі рейдтер ұйымдастырылды. Күзгі каникул шарасы жасалып, ілінді. Әр сынып жетекшілері , қауіпсіздік дәптерлеріне ата- анасына қол қойғызды.Бірінші жылдықта атқарылған жұмыстар ұйымдармен қорытындыланды.
Қ.Р.Тұңғыш Президент күніне байланысты апталық өткізіліп, тәрбие сағаттары және лездемелерде президент туралы ақпараттар берілді. «Әлем таныған тұлға» атты баяндама оқылса,
4- сынып оқушылары «Егемен елдің кемеңгер басшысы», 2 сыныпта «Менің тұңғыш президентім», 7 сыныпта «Елі сүйген,елін сүйген елбасы» атты ашық тәрбие сағаттары өтті. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мектеп өнерпаздарының концерті болды.
Қ.Р.Тәуелсіздік 25 жылдығына байланысты іс-шарасы жасалынып, «Жұлдызды 25 күн» атты ұранмен жұмыстар атқарылды. Лездемеде трих пәнінің мұғалімі Б Даутов «Тәуелсіздік аңсап күткен елдігіміз» атты баяндама оқыды. 1 сыныпта «Менің Отаным-Қазақстан», 2 сыныпта «Құт әкелді Тәуелсіздік баршамызға» атты тәрбие сағаттары жоғарғы деңгейде өтті. Осы Тәуелсіздік күніне байланысты өткен онкүндіктің қорытындысын «Тұғыры биік тәуелсіздік!» атты КВН өткізіп, 8- 11 сынып оқушылары аяқтады. Кеш соңында 9ә- сынып оқушыларының ұйымдастыруымен би кеші жалғасын тапты.
3. Рухани-адамгершілік мәдениеті бағыты бойынша «Мектепке жол акциясы » ауыл әкімшілігімен бірлесе өткізілді. Акция мұғалімдер , жеке қожалықтар , әкімшіліктер арасында ұйымдастырылып, жағдайы төмен отбасы балалары мен мектепке киетін формалармен , қағаз, қалам, сумкалары
жоқ оқушыларды анықтап, 21000 /жиырма бір/ мың көлемінде көмек көрсетілді.
1 қазан «Қарттар» күніне байланысты 10 а сынып «Қариясын қастерлеген-ел ардақты», 4 сынып «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды», 8 сынып «Қарты бардың-қазынасы бар» деген тақырыптарда ашық тәрбие сағаттарын өткізссе, 10 ә сынып «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында қарттармен кездесу өткізді.Онда ауыл ақсақалдарымен , қарт ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мектептің көркемөнерпаздар үйірмесінің дайындаған концерттері қойылып, үлкендер батасын берді.
Ұстаздар күніне байланысты 11 сыныптың ұйымдастыруымен «Ұстазым-үлгі,өнеге,ұлағатым» атты кеш өтіп, ұстаздар ризашылықтарын білдірді.Оқушылар өздері даярлап келген сыйлықтары табыс етілді. «Алтын күз» кеші 11 сынып оқушыларының басшылығымен өткізілді. Онда өз өнерлерімен жеңімпаз болған 10,9,8- сыныптар марапатталды.
Жаңа жыл шыршасына байланысты кезекшіліктер жасалып, таныстырылып, ілінді.

4. Зияткерлік мәдениет бағыты бойынша 9-11 сыныптар арасында «ХХI ғасыр көшбасшысы» дебат өткізіліп, өте жоғарғы деңгейде деп бағаланды. Қатысқан оқушылар дайындығы жақсы жоғары болды. Жайдарлы жас ұлан ұранымен «Бала шақтан болашаққа» деген тақырыпта кеш пед.ұйымдастырушы А Тобажанованың ұйымдастыруымен өтті.
2-4 сыныптар арасында «Мың бір мақал,101 жұмбақ» деген тақырыпта сайыс өткізіліп, сайысқа жоғарғы деңгейде қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары берілді. Жайдарлы жас ұлан ұранымен «Жастар және қоғам» атты көңілді тапқырлар сайысы өтіп, сыныптар арасында өткендіктен озып шыққан сыныптарға және өте белсенділік көрсеткен оқушылар мақтау қағаздары мен марапатталды.19 желтоқсан күні лездемеде «Назарбаев зияткерлік мектептері» деген тақырыпта лекция оқылды.
5. Экономикалық мәдениет бағыты бойынша күзгі тазалық жұымыстарының іс-шарасы жасалып, сол бойынша жұмыстар атқарылды.5-6 сыныптарда «Аялайық, туған жер табиғатын»,
1-11 сыныптарда «Теңге-тәуелсіздік символы» деген тақырыптарды сынып сағаттары өтті..
6. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты бағыты бойынша «Денсаулық-келешек кепілі» деген тақырыпта денсаулық күніне шара жасалып, сол бойынша жұмыстар атқарылды. Отбасы күніне орай «Салауатты өмір салты-ұлт саулығының кепілі» 1-5 сыныптар арасында отбасылық сайыс өтті. «Тұмаудың алдын алу» туралы диктант алынса, «Жұпалы аурулардың алдын-алу» деген тақырыпта дәрігерлермен кездесу өтті.Мектеп бойынша медициналық тексеруден өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау айлығы бойынша бірнеше тәрбие сағаттары
өтті.Салауатты өмір салтын насихаттау айлығында «Өмірдегі негізгі байлық»
деген тақырыпта 9 сыныпта сынып жетекшісі Бейсеев, «Жат қылықтан жирен»
8 сыныбында тәрбие сағаттары өтті.
7. Ата-аналармен жұмыс бағыты бойынша отбасы, қарттар мен ұстаздар күніне байланысты шаралар жасалып, сол бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды. «Мен және менің жанұям» деген девизбен оқушылардың тұрмыстық жағдайы қадағаланып, отбасы жағдайларына байланысты
Жүнісбаевтардың отбасы есепке алынды. Бұл отбасы балаларымен жеке жұмыстар жүргізілді.
«Менің отбасым-сыйластық,жарастық орнаған ортам» деген тақырыпта ата-аналар арасында жиналыс-тренинг өткізілсе, 1 сынып ата-аналарымен «Білім сапасын арттыруда ата-ананың рөлі» тақырыптарында семинар өткізілді.
Отбасы күніне байланысты «Тәртіптің мектебі-отбасы» атты іс-шара жасалып, сол бойынша жұмыстар атқарылды. «Толағай» отбасылық спорттық жарысқа 3 жанұя қатысып, Желеуовтар отбасы жеңімпаз аталып, марапатталды.1-11 сыныптар арасында «Менің отбасым» атты тақырыпта психологиялық кеңес өткізілді. Психолог А Өмірбаеваның ұйымдастыруымен 5-9 сыныптарда «Бақытыңды балаңнан ізде!» тақырыбында дөңгелек үстел және 1 сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өткізілді. «Отбасы және мектеп» атты девизбен оқушылардың тұрмыстық жағдайы қадағаланып отырылды.
Психология бойынша. «Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №27-28 бұйрықтарына сәйкес бірінші сыныпқа – 22 оқушы, дайындық тобына – 25 оқушы қабылданды. Әр сынып оқушыларынан баланың мектепке дайындығын анықтау тестісі алынып, қорытындылары шығарылды.
Балалардың мектепке дайындығын анықтау барысында Керн-Йирасектің баланың мектепке дайындығын анықтау тесті алынды. Тест төрт тапсырмадан тұрды. Бірінші бөлімде балаларға 16 түрлі сұрақ қойылып, жауаптары тыңдалды. Екінші тапсырма бойынша ер адамның суретін салу. Үшінші тапсырма сөздік тест бойынша бағалау. Бұл тапсырма даярлық сынып оқушыларында ауыстырылып, оларға күннің суретін салу тапсырмасы берілді. Төртінші тапсырма берілген нүктелердің көшірмесі.
Қорытынды соңғы үш тапсырма бойынша жасалды. Қосылған ұпайлардың саны 3-6 болса, баланың мектепке дайындығы жоғары, 7-11 ұпай – баланың мектепке дайындық деңгейі орташа, 12-15 ұпай – баланың мектепке дайындық деңгейі төмен.
Бірінші сыныптан 22 оқушы тестке толық қатысты. Тест қорытындысы бойынша 8 баланың мектепке дайындығы жоғары, 12 баланың мектепке дайындық деңгейі орташа, 2 баланың дайындық деңгейі төмен екені анықталды. Дайындық деңгейі төмен оқушылардың ата-анасына, сынып жетекшісіне, пән мұғалімдеріне оқушылармен жұмыс жасап, үнемі қадағалап отыру ұсынылды.
Даярлық тобы бойынша тестке 24 оқушы толық қатысы. Тест қорытындысы бойынша 7 оқушының мектепке дайындық деңгейі жоғары, 11 оқушының дайындық деңгейі орташа, 7 оқушының дайындық деңгейі төмен екені анықталды.
Бірінші және даярлық сынып оқушыларының ата-аналарымен «Мектепке қабылданатын оқушының психологиясы» тақырыбында әңгіме өткізіліп, соңынан «Менің отбасым-жарастық, сыйластық орнаған ортам» тақырыбында тренинг ойнатылды. Тренинг барысында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, өз лебіздерін білдірді.
Жоғары буын оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» тренингі суицидті алдын-алу мақсатында жүргізілді. Қатысқан 9 - 11сынып оқушылары, нәтижесінде балалардың бойлары сергіп, түрлі өмірге деген, жанындағы досына деген жағымды пікір алмасулар болып кері процесс жүрді. Ұсыныс ретінде сабақ барысында сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қарым- қатынасқа көбірек түсуі түсіндірілді.
Қыркүйек айында тәрбие ұйымымен біріге отырып «Қызым, саған айтам ... » тақырыбымен қыз балаларға дөңгелек үстел өткізілді. Қыздарға аналық тәрбиенің мәнін ұғындыру, қыз баланың өзін мектеп қабырғасында ұстай білуі, қыздардың қазіргі таңада мәртебесі қандай деген сұрақтардың мәнін ашып, оқушыларға жеткізу мақсатында жүзеге асырылды.
Ал осы шара ертеңіне 14 қазан күні ер балаларға «Әке көрген оқ жонар...» тақырыбы аясында жалғасын тапты. Мұнда «үлгілі бала – қандай бала?, оқушының тәртібі қандай болуы керек?, мектеп қабырғасында, күнделікті өмірде сәлемдесу тәртібі туралы» мәселелер қарастырылды. Дискуссия барысында оқушылар өздерінің ойларын ашық жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Психологиялық ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін айтты. Нәтижесінде оқушылардың бойында көптеген ақпараттармен қамтылып, сергіп қайтты. Бұл жобаның жалғасы сынып сағаттарында жалғасын тапсын деген ұсыныспен шешімін тапты.
Дарынды оқушыларды анықтау мақсатында сауалнамалар алынды. Нәтижесінде 21 дарынды оқушы анықталып, өз бейімдеріне қарай пән иелеріне ары қарай жұмыс жасау тапсырылды.
Мектебіміздің түлегі болатын 11 сынып оқушыларына емтиханға байланысты «Талапкерге құлақ- қағыс» дәрісі өткізілді. Мұнда «Мамандық таңдағанда неге көңіл бөлу керек?, қазіргі кезде қандай мамандық мәртебелі?, бейіміне қарай мамандық таңдау қажет, мамандық таңдаудағы қателіктер» деген тақырыпшалар төңірігінде ақпарат алмасу жүргізілді.
11 сынып оқушыларының бағыт бағдарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, қорытындысы шығарылып, анықтамасы берілді.
Мектеп - ата-ана байланысын жақсарту мен оқушылардың ата-аналарымен байланысы, қарым- қатынасын анықтау мақсатында мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыста ата-аналарға арналған «Суицид-қасіреттің қара түнегі» атты баяндама оқылып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында
ата-аналардан «Сіз бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлесіз?» тақырыбында арнайы сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша: 47% ата-ана «өте жақсы», 33% ата-ана «жақсы» 20% ата-ана «орташа»көңіл бөлетіні белгілі болды.
Барлық сыныптардың ата- аналар жиналыстарына қатысып психологиялық тестер, сауалнамалар, тренингтер, баяндамалар, шаршауды басуға демалуға арналған жаттығулар жүргізілді.
10-шы сынып оқушыларынан сабақтастыққа байланысты мектепке бейімделуіне байланысты сауалнама алынды.
Нәтижесінде оқушылардың оқуға деген ынтасына байланысты пән мұғалімдері сабақты қызықты әрі белсенді ұйымдастырса, мүмкіндігінше сабақ қызықты өтуін қолдады.
Мектебіміздің ұстаздар ұжымымен «Ұжымдағы психологиялық ахуалды анықтау» сауалнамасы алынды. Қазан айында бастауыш сынып мұғалімдеріне ұжымдағы қарым- қатынастан туындайтын кикілжіңдерді басқаруға байланысты тренинг жүргізіліп, анықтамасы берілді. Сонымен қатар мұғалімдерге «Менің жұмысым», «Мен қандай маманмын?» жаттығуы жүргізілді.
Жас мамандардың бейімділігін анықтау мақсатында тренинг өтті. Мұнда түрлі сұрақтар қойылып «Ашық хат» әдістемесі жүргізілді. Жас мамандардың жұмысындағы қиындықты анықтауға арналған диагностикалық сауал- сұрақ әдістемесі алынып, тренинг нәтижесімен біріктіре отырып қорытындысы шығарылды.
Мектептегі мазасыздық деңгейін анықтайтын «Филлипс» сауалнамасы және «Өзінді сыныпта қалай сезінесің?» атты анкеталар өткізілді. Олардың нәтижесі бойынша, жалпы мектеп мазасыздығы жоғары деңгейде 2 оқушыда байқалды, қоршаған ортамен және құрдастарымен деген қарым қатынасындағы үрейі ортадан жоғары деңгейде бар екені 1 оқушыда байқалады, баланың жоғары нәтижеге жетуге өзінің мүмкінділігін қолдана алмау үрейі ортада жоғары деңгейде 5 оқушыда байқалады,айналасындағылардың күткен нәтижелеріне жете алмаймын деген үрейі жоғары деңгейде және өз- өзінің ойын ашып айту үрейі екі оқушыда байқалады. 5 оқушыда білімі тексеру үстіндегі үрейі жоғары деңгейде деген көрсеткіштер байқалды. Осыған байланысты айтуға болады сыныптың 30% оқушыларының бейімделу кезеңі аяқталмағаны.
«Өзіңді сыныпта қалай сезінесің?» анкета алынды, оның нәтижесі бойынша 10 оқушы жақсы сезінеміз деп, 1 оқушы қанағаттанарлық, 2 оқушы әр түрлі деп жауап берді.
Сыныпта өзара келіспеушілік болады деп 4 оқушы жауап берді.
Үй тапсырмасын орындауға жұмсайтын уақытын анықтай келгенде тек оқушылардың 41 % ғана екі сағатқа жуық отыратыны, қалған 59 % бір сағатта орындайтыны және балалардың 50% өз бетімен сабаққа дайындалатыны байқалды.
Пәндерге деген қызығушылығын анықтай келе, оқушылардың ішінде ұнамайтын пәндері бар екені туралы айтылды, олар (тарих,математика, жартылыстану, қазақ тілі деп төрт оқушы жауап берді. Ал қалған оқушыларға түгел пәндер ұнайтыны және түсінетіні туралы айтып өтті.
Сол себеппен оқушылармен практикалық – сабақтар, ойын сабақтар жүгізілді, кей оқушылармен жеке жұмыс жүргізу және келесі тоқсанның аяғында қайта сауалнама өткізу жоспарланады.
Осыған орай айтып кетуге болады сыныптың 70% оқушылары сыныпта, сабақта және мектепте бейімделгені туралы. Қорыта айтқанда 30% орта буынға бейімделуіндегі кездескен қиындықтар мен сәтсіздіктерді жою мақсатында ата - ана және мектеп болып бірігіп балаға көмек көрсетуіміз қажет.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің сұраныстары бойынша 2-сынып оқушылары Алғазы Асылбекпен, 4-сынып оқушылары Айыпжан Жалғас пен Бақтыбай Арланмен, 3-сынып оқушылары Мұрат Әлібек пен Мақан Әсима, 1- сынып оқушысы Әбділда Нұргелдімен жекелеген жұмыстар жүргізілді. Пән мұғалімдеріне жұмыс қорытындылары ұсынылды.
5- 11 сынып оқушыларының мінез-құлық типін анықтау үшін Айзенк сауалнамасы әдістемесі жүргізілді. Нәтижесінде 50%-сангвиник, 15%- флегматик, 5%- меланхолик, 30%- холерик екендігі анықталды.
Мектеп бойынша «Қатер тобында» 1 отбасы 3 бала бар. Мектептен құрылған арнайы топ мүшелері аптасына екі рет үйіне барып балалардың тұрмыс-тіршілігін бақылап отырады. Бұл балалармен арнайы жұмыстар жүргізілуде.
Психологиялық қызметтің жұмысының нәтижелілігін тек мынадай жағдайда көруге болады: психолог пен педагогикалық ұжымның білім беру жүйесіндегі оқыту-тәрбие жұмысындағы кәсіби қарым-қатынас біртұтас болса, бала тәрбиесіндегі психологтың көзқарасы мен ұстаздың балаға деген көзқарастары бірін-бірі толықтырып отырса, ата-анамен, байланыста болса жұмыс өз нәтижесін береді.
Оқу жылының басында суицидтік жағдайлардың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата – аналар арасында жүргізілетін жұмыстың іс-шара жоспары жасалып бекітілді.
Жоспар бойынша әр сыныпта тәрбие сағаттары өткізіліп, ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, 5-сыныпта – «Бақыт дегеніміз не?», 6-сыныпта «Өмірлік құндылықтар», 7-сыныпта «Өмір – ең қымбат қазына», 8 – сыныпта «Өмір - жалғыз», 9 – сыныбында «Өз таңдауыңды жаса», 10а- сыныбында квн «Өмір қымбатсың маған!», 10ә – сыныбында «Адам өмірінің құны», 11-сыныпта «Жеткіншек өміріндегі қиындық сәттерді қалай жеңу керек?». Ата-аналар арасында «Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мұханова «Жағымсыз ахуал және оның кері әсері» тақырыбында лекция оқыды, мектеп психологы А.Өмірбаеваның «Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.
02-12 желтоқсан аралығында 8-11сыныптар аралығында «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрме бойынша 11-сынып оқушылары Батырхан Орынбай, Кәдірақын Айгерім, 10-сынып оқушысы Серік Айман, 8-сыныптар бойынша Жұмаш Дана, Дүйсембай Айбардың салған суреттері жоғары деңгейде бағаланып, мақтау қағаздары тапсырылды.
6-11 сынып оқушыларынан «Өзін-өзі бағалау деңгейінің экспресс диагностикасы» алынды. Сауалнама бойынша өзін – өзі бағалау деңгейлері орташа деңгейді көрсетті.
4 – 5 сынып оқушыларымен күйзеліс, жабырқаушылық, сенімсіздік, өзіндік бағаның төмендігі сияқты қасиеттермен коррекциялық жұмыс жасау мақсатында психологиялық трненингтер жүргізілді.
Мектепте «Сенім жәшігі», «Сенім телефоны» қызметі ұйымдастырылған. Жауапты - мектеп психологы.
«Сенім жәшігі» күніне бір рет тексеріліп, анықтама жазылып, арнайы тіркеу журналына тіркеліп отырады.
«Сенім телефоны» бойынша түскен қоңыраулар тіркеу журналына тіркеліп отырады.
Мектепте 6 адамнан тұратын «Мобильдік топ» жұмыс жасайды. Оқу жылының басында бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқаруда.
І жартыжылдық бойынша 5-11 сынып оқушыларынан құқық бұзушылық, әлімжетттік көрсетуге байланысты жасырын сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша құқық бұзушылық байқалмады. Ата-ана мен баланың қарым – қатынасындағы қаталдық көріністерін зерттеу барысында «Өміріңді қорғай біл!», «Бала жанының әдемілігін түсін!», «Менің әлемім» т.б. тақырыптарда тренинг, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Айына бір рет «Мобильдік топ» құрамының отырысы өткізіледі.
І жартыжылдықта жоспар бойынша жұмыстар толық орындалды.
Кітапхана жұмыстары жайлы. 2016-2017 оқу жылында келген оқулықтар инвентарь кітапқа түсіріліп,тіркеліп оқушыларға таратылды.Кітапханада жылдық жоспар бойынша жұмыстар жүргізіледі.Жетіспейтін оқулықтарды бөлшек сауда арқылы ата-аналармен келісіп сатып алып таратылды.4- сыныпқа оқулықтардың жетіспеуінен Т.Жанұзақов атындағы орта мектептен кітапханааралық байланыс жасап алып келіп таратылды.Оқулықтар 98 пайыз қамтылды.3- сынып оқулықтарын Қ.Шорманов атындағы орта мектептен алып келіп таратылды.Оқулықтар 99 пайыз қамтылды.
Кітапханада мектеп мұғалімдерімен,сынып жетекшілерімен және әр түрлі оқырман топтарымен бірлесе отырып әр түрлі шаралар өтіледі. «Қазақстан-менің Отаным,атамекенім»- атты тұрақты кітап көрмесі,Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Кітапхана-ұлттық тәрбиенің қайнар көзі-кітап оқырмандар конференциясы ,Тәуелсіздік шежіресі –бұрыш ұйымдастырылды. «Жаңа кітаптармен таныс болыңдар» –жаңа кітаптарға ұсыныс тізімі жасалды.
Пән мұғалімдері мен оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы ,11- сынып оқушыларының ҰБТ-ға керекті қосымша материалдарды кітапханадан тауып алып пайдалануға көмек көрсетілді.Атап айтқанда, М.Мақатаевтың 86 жылдығына байланысты кітапханада «Мұқағали-ғажайып,сыршыл,гуманист ақын» атты әдеби –музыкалы кеш, «Мұқағали мұрасы –халық қазынасы» кең көлемде кітап көрмесі жасалды.
2-4 сынып оқушыларымен « Ой маржаны-кітапта» атты ертеңгілік өтті.
« Жас оқырманды өсіреміз» 1- сыныптармен таныстыру сабағы « Жаңа кітаптарға назар аударыңыз»- ұсыныс тізімі жасалды.
Шаруашылық саласы бойынша. Жоспарланған жұмыстар жүргізілуде.Жыл арасында уақытылы шаруашылық жөндеу жұмыстары жүрді. Мектепке биылғы жылы 60 дана лампочка келді.Сынып бөлмелері мен зал толық қамтамасыз етілді. Мектеп жанындағы шағын орталыққа 1 электроплитка,1 кір жуғыш машинасы,40 дана ақ жайма келді.
Мектепке келген барлық сұйық отын 39266 .Барлық жұмсалғаны 20800 литр.Қалғаны 18466 литр.
Мектеп директоры Б.Байтулекова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив