«ТҮЛЕК-2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі» » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ТҮЛЕК-2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі»
25
май
2022

«ТҮЛЕК-2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі»

Мектеп директорының 20.05.2022жылғы №100 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Сәт сапар,жас түлек!» соңғы қоңырау шарасының  жоспары жасалып  бекітілді.Шара негізі ұжымға таныстырылып,жауапты адамдарға тиісті міндеттер жүктелді. Білім алушылар,ата-аналар «ТҮЛЕК-2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі»соңғы қоңырау шарасының өткізілу форматымен таныстырылды.

Салтанатты жиынның сценариййі әзірленіп,дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Соңғы қоңырау шарасына шақырылатын меймандар анықталып,алдын-ала шақырту қағаздары берілді.

Іс-шараны ұйымдастыруда,өткізу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және мектептің педагог қызметкерлеріне сыйлықтар алу,ақша жинауға жол бермеу қамтамасыз етілді.

25мамыр 2021жылы, сағат 10.00де мектеп «ТҮЛЕК-2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі»атты салтанатты жиынға сап түзеді.

Мектеп директоры К.Сагымбеков білім алушылар,мұғалімдер мен ата-аналарға өз құттықтауын арнады.Салтанатты жиында биылғы оқу жылындағы  мектеп жетістіктері айтылып,қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын,сондай-ақ оқу озаттары мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды

Салтанатты жиынға  ауыл әкімі Б.Себдайров,«Қамқоршылық кеңес төрайымы»К.Байтоқ,ардагер ұстаз Ж.Шәмшенов, «Ақсақалдар алқасының төрағасы»Т.Байбалаев  қатысты.Жиынға ҚР.Мемлекеттік Туы енгізіліп,Гимн ойналды.

11-сынып білім алушыларының әдеби-әуенді бағдарламасынан кейін мектеп бітіруші оқу озаттары Дүйсембай Думан,Жанболат Жансая ізбасар 10-сынып оқушылары оқу озаттары Жақсылық Жармұхамбет,Әлі Мадиярға «Білім кілтін»табыс етті.

Түлектер үшін мектеп қабырғасындағы соңғы қоңырауды соғу рәсімін оқу озаттары 

11-сынып білім алушылары Рысдәулет Дәулет,ҚалиӘлия,1-сынып оқушылары Нұрболат

Рауан,Дәуренқызы Інжу.



Түлектер «Балалар жылына»орай, «Мейірімді жүректен»қайырымдылық акциясы  негізінде әлеуметтік осал топтағы 14балаға оқу құралдарын тарту етті.

Салтанатты жиыннан кейін   шара түлектердің «Мектепке сый» 30түп ағаш отырғызу рәсіміне жалғасты.





Шара барысында мектепте қоғамдық тәртіпті бақылау мақсатында педагогтардан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

Соңғы қоңырау салтанатынан кейін оқушылардың сыртқа экскурсияға,серуенге,тауға,өзенге баруына қатаң тиым салу,түрлі ойын-сауық ұйымдастыруға қатаң тиым салынып,қадағаланды.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында«Түнгі ауладағы балалар», «Жасөспірім»рейдтері ұйымдастырылды.