«1 наурыз-Алғыс айту» күні » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2022

«1 наурыз-Алғыс айту» күні


Мектеп директорының №33/1 бұйрығына сәйкес,іс-шара жоспары жасалып, тиісті адамдарға таныстырылды. Мектеп залы арнайы безендіріліп,«Мен алғыс айтамын!…»тақырыбында «Алғыс жәшігі»,тілек тақтасы қойылды.

28ақпан дүйсенбі күні « 1-наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай 1-11-сыныптарда тақырыптық ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Мектеп психологы А.Өмірбаеваның ұйымдастыруымен «Жылы жүрек-аялы алақан » тақырыбында тренинг өткізіліп,білім алушылар арасында жағымды көңіл-күй орнатты.
« 1-наурыз – Алғыс айту күні» мерекесіне орай спорттың волейбол түрінен мектеп оқушылары арасында жарыс ұйымдастырылып,жеңімпаздар марапатталды.
Мектептің «Өзін-өзі басқару»ұйымының ұйымдастыруымен «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» тақырыбында мерекелік шара өткізіліп,мектеп өміріне белсене араласқаны үшін мұғалімдер,кіші қызметкерлер,шағын орталық қызметкерлері мектеп директорының «Алғыс хатымен»марапатталды.Концерттік бағдарлама қойылды.