«Жарқыра,жайна жаңа жыл -Тәуелсіз қазақ елінде!» » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жарқыра,жайна жаңа жыл -Тәуелсіз қазақ елінде!»
27
декабрь
2021

«Жарқыра,жайна жаңа жыл -Тәуелсіз қазақ елінде!»

Аудандық білім бөлімінің 24.12.2021жылғы № 127 бұйрығына сәйкес өткізілетін Жаңажылдық шырша мерекесін өткізу жөнінде мектеп директорының №232бұйрығы негізінде іс-шара жоспары жасалып бекітілді. «Жарқыра,жайна жаңа жыл -Тәуелсіз  қазақ елінде!»Жаңажыл мерекесін өткізудің кестесі жасалып,ұжымға таныстырылды.

Қысқы демалыс шарасы жасалды,балалардың бос уақытын тиімді өткізу,жайсыз отбасы мен есепте тұрған оқушыларды түрлі шараларға тарту ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар барысында пиротехникалық ойыншықтар мен пиротехникалық заттарды алуға,пайдалануға,пиротехникалық шоу ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды.

   27желтоқсанда  «Жаңа жыл-2021»мерекесінің ашылуы болып мектеп директоры К.Сағымбеков құттықтау сөз сөйледі.Бұдан кейін шағын орталықта ертеңгілік өткізілді.Бүлдіршіндер Аяз Ата мен Ақшақарға ән жырларын айтып,өнерлерін көрсетті.

27желтоқсанда сағат 10.00-12.00.аралығында кестеге сәйкес мектепалды даярлық тобы және 1-4-сыныптарда   «Жарқыра,жайна жаңа жыл -Тәуелсіз  қазақ елінде!»

тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

28желтоқсанда кестеге сәйкес 5-11-сыныптарда сынып сағаттары мерекелік көңіл күймен өткізілді.Оқушылар құттықтау лебіздерін айтып,концерттік бағдарлама қойды.

«Өзін өзі басқару»ұйымының ұйымдастыруымен «Жаңа жылға саяхат»тақырыбында қойылым көрсетіліп,концерттік бағдарлама қойылды. 

Демалыс кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын,жол көлік қауіпсіздігі шараларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіліп,қауіпсіздік журналдарына қол қойғызылды.Жаңа жыл мерекесі барысында және қысқы демалыста түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив