1 желтоқсан президент күні » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2019

1 желтоқсан президент күні

Алматы облысы Райымбек ауданы
Тегістік ауылы
«М.Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «математика-информатика» пән мұғалімі 
Апендиева Фарида Әкімханқызы 
5әсыныбының сынып жетекшісі 
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты 
Ашық тәрбие сағаты «Елбасы -елдің тірегі»
 Мақсаты: 1.қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы          
                      Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет  
                      еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;
                    2.елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын   
                      сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге 
                      тәрбиелеу;
                   3.шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін  
                     ояту,құрметтеу.
 Көрнекілігі:, шарлар,суреттер,буклет « Елбасының ел көрмеген суреттері»
 Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев  
 1-    Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
 2-    Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «.Елбас –елдің тірегі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 
 1-жүргізуші:          сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
 2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.     сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне   27  жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
 1-    Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 
 2-    Жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды..
  1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Жарас:
 Туған жердің жайқалған алқабы егін, 
 Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
 Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
 Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ақбаян
 Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
 Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
 Анасындай туған ел қамқор болып,
 Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын
 Әсем сазы басталған таза ағыстан,
 Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
 Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
 Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН. 

 Мирас: Қазақстан
  Қазақстан дейтін менің бар елім,
  Жатыр алып жарты дүние әлемін!
  Бұл даланы анам жаспен суарған,
  Бұл далада атам қолға ту алған.
  Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
  Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
  Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

  Асима: 
 Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
 Астанамен айшықталған ортасы.
  Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
  Бұның бәрі Елбасының арқасы.
  Шықты тарап ой-данадан,
  Бері қарап жұлдыз беті.
  Өзі қалап сайлап алған,
  Елімнің бар Президенті

 Елжас: Оянады көңілден қайдағы арман,
  Бақыт желі ескендей жайлап алған.
  Президентім бар менің елі түгел,
  Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

 Ән: «Атамекен» хор

  Назерке
 Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
 Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
 Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
 Болашағым, өнер- білім, өркенім.
 Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
 Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
 Сен менің арым, бағым, барымсың,
 Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

 Ақжол.
 Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
 Өмір жолы болған қиын бұралаң.
 Қазағымды жарқын жолға бастады
 Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
 Ақбөпе
 Естімейік енді елдің жылағанын,
 Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
 Абылайдың жолымен алға басқан,
 Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
 
 Асылжан
 Гүлдене бер, Отаным,
 Көтерген туын Нұр ағам!
 Көбейткен достың қатарын,
 Нұр аға – біздің ұлы адам.
 Нұргелді:
 Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
 Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
 Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
 Ақ ниетті халық деген данам бар.
Ән «Мен Қазақпын» орындайтын   жігіттер тобы
 Би «Алға Қазақстан» қыздар тобы
Көрініс «Елбасының бала кезінен үзінді»
 І жүргізуші Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. 
 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. 
І  жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
 ІІ  жүргізуші .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды
 І  жүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.
 ІІ  жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.                                         
 ІІ  жүргізуші :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.
 І жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

  Ақниет
  Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
 Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
 Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
 Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
 Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
 Құт-береке болшы бір елге келген.
 Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
 Айтындаршы, енді елім кем де неден?
 ІІ  жүргізуші :
 1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
 
 
Мерей «Ата Заң»
 Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
 Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
 Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
 Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
 Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
 Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
 Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға:
 “Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
 Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
 Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
                                                          Ермек Өтетілеуұлы.
 ІІ  жүргізуші :  1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан.
Мадияр
 Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
 Жанарып қалам,жасарып далам!
 Басыңнан серпі бодандық жүгін,
 Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
 Арыстан жүрек, айбынды елім,
 Таниды сені бар әлем бүгін.
 
  «Елбасына» Жанерке
 Ауыр күнді артымызға тастауы – 
 Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
 Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,
 Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
 Туды ұстап тура жолға түсіріп,
 Жас Отанның өмірін де түсініп,
 «Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
 Бір керемет жасады-ау кісілік!
Ән «Атамекен» орындайтын Болатбай Мерей
 Көрініс «Елбасының оқушы кезінен» үзінді
 1 -жүргізуші:
 Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
 Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
 Президентім, елбасы, аман болғай,
 Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
 2-жүргізуші:  Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
 Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
 Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
 Басшысы болмаса, ел жетім.
 Көсіле шабар жерім бар,
 Тау көтерген елім бар.
 Қол бастайтын ерім бар,
 Атадан қалған сара жолым бар.
 Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ендігі сөз кезекті:мектеп директоры     Сағымбеков Кемелбай ағайға беріледі
Оқу ісінің меңгерушісі:Тұрсынбай Эльмира апайға.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар:Мұқанова Бақытгүл апайға.Тобажанова Айгүл апайға
  Мұғалімнің сөзі:
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив