Қазақ жырының Хантәңірі » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
февраль
2019

Қазақ жырының Хантәңірі

Алматы облысы Райымбек ауданы
Тегістік ауылы
«М.Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Ербол Елжан 
5ә,асыныптары
Қазақ жырының Хантәңірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали
Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол
арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне
деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп,
жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға
еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Тәрбиелік: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне
деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:ақынның суреті, өмірбаяны, буклет.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
бағы-оның өлмес жыры, ойлаумен өлең өрудің теңдесі жоқ классикалық әлемдік биігіне 
1-жүргізуші. Қайырлы кеш, ұлағатты ұстаздар, қымбатты қонақтар, озық ойлы оқушылар! 
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымың өзі айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын.» — деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен, қалың көпшіліктің махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған поэзия кешіне қош келдіңіздер.
Ән: «Есіңе мені алғайсың» хор
2-жүргізуші:Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхамметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, сушы, шалғышы болып жұмыс істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан 1 қыз және 3 ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған.
1-жүргізуші: Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақында өлмейді. Олай болса, Мұқағали Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда, әне, ол мұзбалақ қыранша дүр сілкініп, бүкіл залды тебірентіп, жазық маңдайы жарқырап, жарқылдап жыр оқып тұр».
1.Ақбөпе
2.Алтынай
3.Мадияр
4.Жаннұр
5.Нұргелді
6.Бағлан
7.Асылжан
2.жүргізуші:
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді.
Мінеки, он ай болды хабары жоқ,
Біздағы әкемізге зармыз енді. Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. 
Олай болса ән: «Әке» орындайтын Асылжан
1-жүргізуші:
Сырымда осы, жырымда осы.
Алдыңда.
Байқашы сен
Бықсыдым ба жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда! – деп жарық сәулесін шашқан ақын.
Көрініс: «Дәрігерге»
2-жүргізуші:Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліспен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған.
Ән: «Шеше сен бақыттысың» орындайтын Елжас пен Бек
Би:
1-жүргізуші:Жас ұрпаққа таң нұрға.
Мұқағали бар екен –ау,
Мұқағали бар, бар мұнда!
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев 88 жасқа толып отыр. Бұл – қазақ поэзиясының мерекесі «Айтып өткен ақында арман бар ма? » деп толғанған — халқымыздың асыл перзенті, өлең –жырдың дүлдүлі, ғасыр ақыны атанып отыр.
(Өлеңдер)
8.Жарқын
9.Мирас
10.Сымбат
11.Асима
12.Жарас
13.Жәнібек
14.Ақжол
2-жүргізуші: Ақынның өлең жолдары нақыл сөзге айналды!
«Адамды адам түсінбеу бір ақырет»
1-жүргізуші: «Сағынышқа жаралған ғашық адам»
2-жүргізуші:«Алалықты айбалта қып ұстаған,
Бұл өмірде әзәзілдің бары анық»
1-жүргізуші:«Айтсын деп ақиқатты тіл берілген»
2-жүргізуші:«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.»
1-жүргізуші:«Ақынның атақтығы атында емес,
Ақынның атақтығы арда ғана»
2-жүргізуші:Аққулар ұйықтағанда
 1-жүргізуші:Тау биіктігімен, теңіз тереңдігімен, дала маңғаздығымен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен көрікті.Оның өлеңдері туралы зерттеулер аз жазылған жоқ, ол әлі де жазыла береді.Жылдар өткен сайын биіктей түседі, биіктей береді.
Көрініс: «Арманым,тіріл,көз ілген»
2-жүргізуші: Ән: «Жалаң аяқ қыз» орындайтын Елжас
Ақынның өміршіл өлеңі, артында қалған асыл мұрасы өмірдегі
қандай сыйға болса да лайық дейміз
Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы,
Әлі талай келер ұрпақ толғайды.
Туған күні тойланған шын ақынның, Өлген күні болған емес болмайды! —
дей отырып бүгінгі тәрбие  сағатын аяқтаймыз.
Сөз кезегі: оқу ісінің орынбасары:Тұрсынбай Эльмира апайға сөз беріледі
Ұйымдастырушы:Тобажанова Айгүл апайға сөз беріледі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив