Елбасы -тәуелсіздіктің тіреуі » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы -тәуелсіздіктің тіреуі
03
декабрь
2018

Елбасы -тәуелсіздіктің тіреуі

Алматы облысы Райымбек аудандық  
М.Мақатаев атындағы орта мектеп
Әлдибекова Ақбота технология пән мұғалімі 
5 а сынып жетекші 
Ашық тәрбие сағаты: «Елбасы – тәуелсіздіктің тірегі »
 
Мақсаты: 1.Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы          
                       Назарбаевтың  өмір  жолы,туып-өскен,оқып  білім  алған ,қызмет  
                       еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;
                    2.Елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын   
                       сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге 
                       тәрбиелеу;
                   3. Шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін  
                       ояту,құрметтеу.
 Көрнекілігі:
үнтаспа, шарлар,суреттер,плакат. 

  Хормен : Әнұран орындалады
 
 
1-    Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
 2-    Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы – тәуелсіздіктің тірегі» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.  
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
 1-жүргізуші:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
 Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
 Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
 Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!
Ән : Жарқын “Жаным қазақ”
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.
Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.
1-жүргізуші:Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.
Астана туралы тақпақтар.
1- оқушы.  Ақниет 
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
 Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
 Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
 Болашағым, өнер- білім, өркенім.
 2- оқушы. Асылбек
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
 Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
 Сен менің арым, бағым, барымсың,
 Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
 3- оқушы.  Сымбат
 Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
 Қазағымның өркендеді елдігі.
 Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
 Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
 4- оқушы. Жарқын
 
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
 Өмір жолы болған қиын бұралаң.
 Қазағымды жарқын жолға бастады
 Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
 5- оқушы. Әділ
Естімейік енді елдің жылағанын,
 Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
 Абылайдың жолымен алға басқан,
 Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.
6- оқушы: Бағлан
 
Биіктей бер, Нұр аға,
 Қыран қанат талмасын.
 Қадірлемей тұра ма,
 Халық сіздей тұлғасын.
 7- оқушы. Жаннұр
Гүлдене бер, Отаным,
 Көтерген туын Нұр ағам!
 Көбейткен достың қатарын,
 Нұр аға – біздің ұлы адам.
 8- оқушы. Алтынай
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
 Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
 Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
 Ақ ниетті халық деген данам бар.
9-оқушы:  Бек
 Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр,
 Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр,
 Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа,
 Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр.
 10-оқушы:  Әлібек
 Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен,
 Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
 Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
 Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.
1-жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
 Отан дейміз өсірген елімізді
 Отан дейміз туған жер, атамекен
 Биік тау, орман, тоғай көлімізді
2- жүргізуші:
 Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
 Астанамен айшықталған ортасы.
 Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
 Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы
 
 

1- жүргізуші: 
Шықты тарап ой-данадан,
  Бері қарап жұлдыз беті.
  Өзі қалап сайлап алған,
  Елімнің бар Президенті
 2- жүргізуші: 
Оянады көңілден қайдағы арман,
  Бақыт желі ескендей жайлап алған.
  Президентім бар менің елі түгел,
  Ақ киізге көтеріп сайлап алған.

 Би   қыздар:
1-жүргізуші: Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ. 
 
Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс  және өмір дағдысы.
 2- жүргізуші 
 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6-шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау-бақша  өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата-анасын қатты құрмет  тұтты.
 1-  жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
 2-жүргізуші .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды
 1- жүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады.
 2-  жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді.
 1-  жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.
 
 
Теңге шығады:  Әлі Ақниет
 
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
 Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
 Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым,
 Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
 Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
 Құт-береке болшы бір елге келген.
 Өз туы,елтаңба,әнұраны бар
 Айтындаршы, енді елім кем де неден?
 2-  жүргізуші 
 1995  жылы 28-қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
1-  жүргізуші 
Астана-ҚР-ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
2-  жүргізуші 
1998  жылы 10-маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан.
 Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
 Жанарып қалам,жасарып далам!
 Басыңнан серпі бодандық жүгін,
 Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
 Арыстан жүрек, айбынды елім,
 Таниды сені бар әлем бүгін.
 
 
Ән : Асылбек «Мен қазақ»  
1-жүргізуші:  
 Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
 Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
 «Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,
 Сіз біздердің піріміз де, әніміз.                                 
 2 -жүргізуші:
 
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
 Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
 Президентім, елбасы, аман болғай,
 Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
 1-жүргізуші:  
Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.
 Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
 Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
 Басшысы болмаса, ел жетім.
 Көсіле шабар жерім бар,
 Тау көтерген елім бар.
 Қол бастайтын ерім бар,
 Атадан қалған сара жолым бар.
 Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
 Хор: «Атамекен»  
 
Мұғалімнің сөзі:
 Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
 Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында.
Сөз кезегін:
Мектеп директоры: Сағымбеков Кемелбай ағайға
Оқу ісінің меңгерушісі: Тұрсынбай Эльмира апайға
Тәрбие ісінің меңгерушілері: Мұқанова Бақытгүл апайға,  Тобажанова Айгүл апайға
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив