Шеберлік сабағы » М.Мақатаев атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Райымбек ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон:
+7(727779) 50262
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
октябрь
2017

Шеберлік сабағы

Күні: 26.09.17 Шеберлік сабағы
ӨткізгенДжазыкбаева Жанат Турсунбековна
Сабақтың 
Тақырыбы:
Критериалды  бағалаудың әдіс-тәсілдерін пайдаланып, әр пәнде қолдану
СілтемеМұғалімдерге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттары:Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау теориясын сабақта қолдануға үйрету, критериалды бағалаудың тиімділігін көрсету.
Пайдаланған әдіс-тәсілдер
  1. Тренинг
  2. Топтық жұмыс
  3. Жеке жұмыс
  4. Кері байланыс
Қажетті құралдарИнтерактивті тақта, магнит тақтасы,  топтық жұмысты бағалауға арналған стент, гистограмма кестесі стикер
Өткізу кезеңіУақытыШеберлік сабағын өткізушінің іс-әрекеті
Психологиялық
ахуал
тренинг
1 минМұғалімдермен амандасу, өзін таныстыру.
  • Критериалды бағалаудың әдіс-тәсілдерін меңгерген ұстаздар оң қолымызды;
  • Әдіс- тәсілдерді меңгеріп, оны іс-тәжірибе жүзінде қолданған ұстаздар сол қолымызды көтерейікші. 
Жаңа бағалаудың қиындығына төтеп берген ұлағатты ұстаздар, бір-бірімізді қошеметтеп қояйық.
Білу2 минБүгінгі сабақтың мақсатын таныстырамын.
Интерактивті тақта арқылы мәлімет беремін. Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші- бағалау. Білім алушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып табылады. 
Критериалды бағалаудың екі түрі бар- жиынтық және қалыптастырушы.
Қалыптастырушы бағалау - оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. Қалыптастырушы бағалау- сабақ барысында қолданылады, тәжірибелік білімін өлшейді, оқуды түзету үшін кері байланыс орнайды, бағаға әсер етпейді.  
Қалыптастырушы  бағалаудың     әдістерін  жеке,  жұптық     және  топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
Түсіну
Топтық жұмыстың бағалануы
4 минАлдын ала дайындалған екі топтың тапсырмасын мұғалімдерге ұсыну,     екі топ 4 бағалау критерийлері арқылы     бағалайды.
Жаңашылдығы: Барлық пәнде топтық жұмысты бағалауға арналған стент. 
Жеке жұмыс
Өзін-өзі бағалауы
1 минБарлық пәнде  білім алушылар берілген тапсырмаларға сай жұмыс дәптерлерінде өзін-өзі бағалайды. Мұғалім әр тапсырманың дұрыс, бұрыстығын тексереді. Білім алушы әр пәнде сабақ соңында кестеге қанша тапсырманы дұрыс орындағанын белгілеп отырады. Мұғалім бақылау парағына жазып отырады.
Жаңашылдығы: Магниттік тақтада гистаграмма кестесі берілген. Ол барлық пәнде пайдаланылады. 
«Білімді оқушы»
(білім алушылардың бір-бірін бағалауы)
Әр сабақтың соңында оқушылар стикерге  сабаққа жақсы қатысып отырған бір баланың атын жазады.
Оқушылар гистограмма кестесіндегі оқушының
жанына жапсырады. Нәтижесінде ең білімді оқушы анықталады.   
Ой толғау2 минӨткізушінің іс-әрекетіМұғалімдердің іс-әрекеті
Ыдысқа салынған жемістер мен көкөністер макетін ұсынамын. 2 топ «Критериалды бағалау» деп аталатын  жеміс және көкөністер салатын жасайды. Әр тағамға білім алушыларды қалай бағалау керектігін жазады, оқиды,  ой бөліседі. 
Бекіту1 мин
Кері байланыс2 минЖүрекке жапсырылған, жақсы тілектер жазылған стикерлерді таратамын. Мұғалімдер кері байланыс  жазады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив